Ұстаздар — ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара | Qazbrand.info

Мықты әскер – мықты Қазақстан | Qazbrand.info

Ұстаздар — ұлы тұлғалар
Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ — даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2. Жүргізушілер шығады.
1 — жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2 — жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1 — жүрг. Аяжан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән. …………………………………………………………………………………………………..

1 — жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез — келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез — келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2 — Жүргізуші: Әдемі, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1 — Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән — шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Рахманберді Фарида.
2 — жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1 — жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2 — жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1 — жүргізуші: Ал ендеше баста.
2 — Жүргізуші: «Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1 — Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2 — Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1 — Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2 — Жүргізуші: «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы»
1 — Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең — шумақтарына кезек берелік.

1 — оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас — қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың — ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

2 — оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла — ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы №31 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Гүлсайран Кенжеғазықызы
Ұстаздар — ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара жүктеу

Ұстаздар ұлы тұлғалар, аяулы ұстаздар, ұстаздар күні

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: