Аналар — асыл жандар | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Тақырыбы: Аналар — асыл жандар

Мақсаты: 1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту;
2) Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
3) Ізгілік, инабаттылық, өзін — өзі көпшілік ортада ұстау сияқты жақсы қасиеттерді балалардың бойына сіңіру, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Анашым, түн ұйқысын төрт бөлген,
Мені елден кем болмасын деп жүрген.
Анашым мен үшін сіз қымбат жансыз,
Мерекеде бүгінгі әнді қабыл алғын- ән «Ақ мамам»
Жүргізуші:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Әлпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтаймын! Алинур

Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді аламын,
Ақылды боламын. Айбар

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі. София
Жүргізуші:
Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға
Жігіттер тобы кір жуып,
Биден шашу шашайық. «Кір жуу» биі
Жүргізуші:
Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.
Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам. Айсұлтан

Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. Айзере

Ойыншығым қуыршақ,
Не істесем де көнбейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді — ортада «Сұлу қуыршақтар биі»
Мен айтамын тақпақ,
Анамды мақтап,
Менің анам әдемі,
Менің анам аппақ. Зере

Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың:
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың. Алихан:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет — көрініс «Адасқан бала»

Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.
Ана – перзентті өмірге әкелуші, тәрбиелеуші.
Ана – қызметкер,
Ана – ғалым,
Ана – ұстаз
Ана — зейнеткер.
Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Ән: «Нұрын төкен маған»

Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегі елжіреп
Құшағыңа аласың Ерсайн:

Елизавета
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Барша халық атынан

Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,

Мейіржан:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі — би «Ана жүрегі»

Бақытты біздің бүлдіршін
Өнерін бүгін білдірсін
Қиялға қанат бітіріп
Көңілге ән мен жыр кірсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін баршаңыздың қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аналар – асыл жандар!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар, кішкентай біздің қыздар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Аналар — асыл жандар жүктеу

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, «Қарлығаш» балалар бақшасының тәрбиешісі
Ибраимова Гульчат Кабылжановна

Анаға деген мейірім, анашым, ана туралы тақпақтар, ана туралы өлеңдер

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: