Жер – біздің ортақ үйміз | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Білім беру саласы: «Таным». «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Экология негіздері
Тақырыбы: Жер – біздің ортақ үйіміз.

Мақсаты:
1. Білімділік: Жердің барлық тіршілік иесінің ортақ үйі екенін ұғындыру, адамның да табиғаттың негізгі бір бөлігі екенін, оның табиғатты қорғаудағы рөлін ұғындыру.
2. Дамытушылық: Табиғат туралы түсініктерін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Табиғатта өзін дұрыс ұстауға, оны қорғау арқылы Жер ғаламшарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ғаламшар.
Әдіс — тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап мадақтау, қорытындылау.

Мотивациялық қозғаушы
Әр адамның өз үйі бар, әр жануардың өз мекені бар. Әр өсімдіктің өзіне қолайлы өсетін жері бар.
— Бәрінің ортақ үйі қалай аталады?
Тәрбиеші глобусты үстел үстіне қойып, не екенін сұрайды.
— Глобустың пішіні қандай?

Іздену — ұйымдастырушы
— Глобустан қандай түстерді көріп тұрсыңдар? Ол түстер нені белгілейді?
— Біздің жерімізде құрғақ жер көп пе, су көп пе?
— Сендер басқа қандай ғаламшарды білесіңдер?
— Осылардың ішінде ең әдемісі – біз өмір сүретін Жер ғаламшары. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылығы бар?
— Табиғаттың адам өміріндегі маңызы зор. Тіршілік иелері өмір сүру үшін не қажет?
— Тіршілік үшін қажеттің бәрі Жер бетінде бар.

Жұмбақ шешу.
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
— Ауа не үшін керек?
— Ауа қандай?
Жұмбақ.
Жылт — жылт еткен,
Жылғадан өткен.
— Су не үшін қажет?

Сергіту сәті.
— Ойланып көрейікші, адам жануарлар, өсімдіктер болмаса, өмір сүре ала ма? Олар адамға ен үшін қажет?
— Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды? Ал табиғатты, Жер бетін қорғау кімнің қолында?
— Ал кейбір адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?
— Бірақ ондай зиянды қылықтар жасауға рұқсат беріле ме? Адам табиғатты қалай қорғайды?
— Жер бетіндегі ақылды, мықты, білімді – ол Адам. Адам осы білімін, ақылын қайда қолдану керек?
— Жер бетін қорғау үшін ақылды, қайырымды бол керек. Олай болса, табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсірейік.
— Біз табиғат, Жер туралы көптеген мақалдар білеміз. Соларды есімізге түсірейік. «Пазлдар жинау» тапсырмасын орындау.
4 — 5 баладан бөлінген топтарға табиғатқа байланысты пазлдар беріледі.
Жеке жұмыс жүргізу.
Жер – біздің ортақ үйміз жүктеу

Жер біздің ортақ үйіміз, табиғат, жер ғаламшары, ғаламшар

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: