Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар… | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Тақырыбы: Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар..

.
Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
Көрнекіліктер: Мультимедиялық тақта, мақал — мәтелдер;

Сабақ барысы: Кіріспе
Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек. Осы мақсатта біздің мектебімізде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ «ӨРКЕН» республикалық экологиялық жобасы бойынша ұландар арасынан экотоп құрылғандығы баршаңызға мәлім.

Бүгін біз экотоп мүшелерінің және ұландардың қатысуымен осындай шаралардың бірін өткізгелі отырмыз.
«Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.

Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі.
Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Табиғат дегеніміз ол — жер, су, ауа, күн. Күн — барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ауа — өмір тынысы. Су – тіршілік көзі. Жер — бізге нәр беретін анамыз. Осы біздің жерімізге кәзіргі кезде адамдар тарапынан көптеген қауіптер төніп тұр.
Сонымен бірге, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адамдар. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.
Балалар, бүгінгі «дөңгелек үстелімізде» экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы білімімізді ортаға салып, өзіміздің біліктілігімізді көрсетейік..

Слайд 2. Елбасы сөзі.
«Дөңгелек үстел «шарттары мынандай айналымдардан тұрады:
І – айналым: «Ғажайып Қазақстан» (Сергіту сұрақтар ) 3 топ та қол көтеріп жауап береді.
ІІ – айналым: « Суреттер сөйлейді — ой толғау» (экраннан көрсетілген суреттер бойынша сөйлейді) ІІI – айналым: «Сұрақ бізден — жауап сізден» (ситуациялық тапсырма )
ІV – айналым: «Кім көп біледі?» сөзжұмбақ құрастыру.
V – айналым: Шешуші сәт «Біз табиғатты қорғаймыз» Видеоролик — Қоршаған ортаның ластануы.

Құрметті оқушылар, бүгінгі экологиялық дөңгелек үстеліміз Қазақстанның басты проблемаларының бірі — экологиялық зиянды аймақтар жайында болмақ. Өздерің естіп біліп жүргендей біздің Қазақстанның экологиялық зиянды аймақтары баршылық. Олардың ең негізгісін кім біледі?
Кәзір жалпы 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
«А» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең — байтақ)
2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)
3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)
4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)
5. Қазақстанның оңтүстік батысында қандай теңіз бар? (Арал теңізі бар)
6. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)
7. Қазақстанның қандай елді мекендері қауіпті экологиялық аймақтар бар? ( Каспии, Байқоңыр, Арал, Балқаш, Семей)
8. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)
9. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)
10. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)
11. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)
2 – айналым: «Суреттер сөйлейді — ой толғау»
Балалар сөзі: Арал — Балқаш — Семей

3 – айналым: «Сұрақ бізден, жауап сізден»(ситуациялық тапсырма – қала атын табу)
Сонымен рұқсат болса, 3 айналымды бастайық.
Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл — шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып — өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.
Ал Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Сонымен қояр сұрағымыз. Слайд —
Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар… жүктеу

Жер ана, жер ананы жылатпаңдар, адамдар, табиғатты қорғау, табиғатты аялау

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: