Біз табиғаттың достарымыз | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Сабақтың тақырыбы: Біз табиғаттың достарымыз.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға табиғат — біздің тіршілік көзіміз, баға жетпес байлығымыз екенін ұғындырып, оны қорғау, аялау міндетіміз екенін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Балалардың қоршаған ортаға деген түсініктерін кеңейту, Табиғат Анаға сүйіспеншілікпен қарауға үйрету.
3. Тәрбиелік: Балаларға қоршаған ортаны, елін жерін, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
Зал іші табиғат көріністерімен дайындалған. Орман, ағаштар, шөптер, гүлдер т. т. Ғажайып орманның іші. Табиғатқа байланысты әуен ойнап тұрады. Табиғат аясында «Табиғат ханшайымы әндетіп, аралап жүреді,
гүлдерді иіскеп көбелектерді ұшырады. Сол кезде балалар сиқырлы әуен арқылы ақырын жүгіріп келіп, ортаға тұрады.
Орманшы ата: — Ой, сәлеметсіңдер ме? Менің қасыма қонақтар келіп қалыпты ғой. Сендер кім боласыңдар? Ал, мені таныдыңдар ма? Мен табиғат ханшайымымын. Маған не үшін келдіңдер?
Орманшы ата: — Біз Бобровка орта мектебінің даярлық тобының балаларымыз. Біз табиғаттың достарымыз.
Орманшы ата: — Өте жақсы, бүгінгі күніміз көңілді өтетін сияқты.

Шаттық шеңбері:
Табиғатымыз тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем саған нұрлы Күн!
Сәлем саған Жер Ана!
Сәлеметсіз бе, Ханшайым!
Тәрбиеші: — Балалар табиғат туралы не білетіндеріңді ортаға салайық.
Табиғат.
Жансыз табиғат Жанды табиғат

Балалар: — Күн, ай, ауа, тау, тас, су, өсімдіктер, адамдар, хайуанаттар, құстар, балықтар, жәндіктер, т. т…….
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі ол ауа.

Тәрбиеші: — Балалар, ауаны нелер ластайды?
Балалар: — Завод, фабрикалардан, машиналардың түтіні, майлары, бензині, қоқыстар ластайды.
Тәрбиеші: — Ауамыз таза болу үшін не істеу керек балалар?
Балалар:- Қоқыстарды әр жерге тастап ластамау керек, өрттен сақ болу керек, ағаштарды, гүлдерді көбірек отырғызу керек.
Орманшы ата: — Дұрыс балалар.
Тәрбиеші: — Ал, балалар бәріміз сергіту сәтін орындап жіберейік
Қазақстан туған
жерім, киелім,
Қасиетіңе,
қастерлеп бас иемін.
Табиғатың
тұнып тұрған қазына,
Осылардың
бәрін аялаймын, сүйемін

Табиғат туралы мозайка құрастыру.
Табиғатымыз осындай әдемі болу үшін не істеу керек.

Оқушылар тақпақ айтат; Табиғатты қорғау туралы.
Айгерім: Ал, халайық, халайық
Табиғатқа қарайық
Жер, су, ауа, тазарса
Пайдалы екен бұл аса.

Бағжан; Тазалықты сақтайық
Табиғатты баптайық
Бізге деген пайдасын
Жақсылықпен ақтайық.

Аяулы; Табиғаттың панасымыз,
Түйіп айтар сөзіміз
Табиғаттың панасы
Мына тұрған өзіміз.
Суретпен қорытындылау; Орманда от жағуға болмайды.
Құстардың ұясын бұзбау керек.
Қоқыстарды тастауға болмайды.
Ағаштарды сындыруға болмайды.
Күн мен бұлтты қойып сабақ ұнады ма сұрақ қою.

Менің екінші сұрағым: — Табиғат көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық пен тіршілік көзі ол не?
Балалар: — Ол су.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» — дейді дана халқымыз. Қазақстан
Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғады. Көп
жерлерде ауыз суы жеткіліксіз. Сонымен су – табиғаттың жаны, қара жердің – сәні суды ластауға, ысырапсыз төгіп, жұмсай беруге болмайды.
Ханшайым: — Өте дұрыс, ендігі менің үшінші сұрағым сендерге:
— Балалар табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не?
Біз табиғаттың достарымыз жүктеу

Біз табиғаттың достарымыз, табиғат туралы, табиғатты аялау, табиғатты қорғау, өзендер, көлдер, теңіздер

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: