Сыңғырла, соңғы қоңырау! | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Өтетін уақыты: сағат 900
Өтетін орны: мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі — түсті шарлармен, ортаға шаңырақты орналастырып, шаңырақты лентамен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін есікті доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.

Орналасуы: мектеп алаңында сағат 900 — ге дейін сол жақ бетінде оқушылар, оң жағында бітіруші түлектер және 1 — сынып оқушылары, алаң төрінде (орындықтар шығарылады) мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар, алаңның шығыс жағына 10 — жылдық иелері орналасады.

Музыка орындалады.

Жүргізушілер шығады: Мырзаханов Құдірет және Телхуджаева Айнұр.

Құдірет: — Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, ата — аналар «Қош бол, алтын ұя
мектебім!» атты салтанатты жиынға жиналған көпшілік қауым!

Айнұр: — Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің 27 түлегі бүгінгі
салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Құдірет: — Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі
өшпейтін күн.

Айнұр: — Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Құдірет:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 — сынып оқушылары мектеп алдына 1 — сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Айнұр: Сап түзелсін, салтанатты жиынға ту енгізілсін.(әуен ойналып түру керек.)
(Туды Оразбаев Нұрлан және Сламова Гүлжайна алып шығады)

Құдірет: — Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

Әнұран орындалады

 Құдірет: Мектебімнің қиынына көнеді,
Табыстарға мәз — мейрам боп жүреді.
Аллаберген ағай мектебімнің басшысы,
Халқы еңбегін ерекше деп біледі.
Кешімізді ақ тілекпен ашсын деп
Шәкірттерің сөз кезегін береді — дей отырып сөз кезегін мектебіміздің директоры Ахметов Аллаберген ағайға береміз (5 — минут) және үздік оқушылар мен ата — аналарды құттықтайды.

Айнұр: — Құрметті Тұрсынхан ағай, қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі ауыл әкімі Құрманбеков Тұрсынхан ағайға беріледі.(5 — минут)

Құдірет: Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
(Аудандық білім бөлімінен келген қонақтарға беріледі)

Айнұр: — Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Ән «Ұстазым» Бекаева Балнұр мен Сламов Аманжол
11 сынып 1 сыныпқа сыйлықтар тапсырады.

Құдірет: — Бүгінгі мына кеш жүректі тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан.
Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді

Ортаға құрметті ұстаздарымыз бастауыш сынып жетекшілері Ахмедова Мария мен Дубекова Назгүл апайларды қошеметпен шақырамыз.(5 — минут)

Ән: «Ұстазым» Бекаева Балнұр барлық ұстаздарға арналады.

Айнұр:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Құрметті қауым! Ендігі оқу жылындағы 11 сынып оқушыларын – мектепті бітіріп кетіп бара жатқан оқушыларының орнына шақырамыз.
Аманат тапсыру құрметін мектеп бітіруші түлек Құрманбеков Бауыржан тапсырады, аманат қабылдап алу құрметі 10 сынып оқушысы Ибадуллаев Нариманға беріледі. (Аманат тапсыру үшін бітіруші түлектерге сөз кезегін береміз, ортаға түлек шығып аманат тапсырады).
Құдірет: Ұшырады жетекшің өз қолынан,
Ғылымның көрінші деп сан қырынан
Әлия апай, Бауыржан ағай шәкірттік тілегім сол,
Көріне біл тұғырдан биік шыңнан.
Біз сіздерге сөз кезегін берейікші
Өткізіп тұрсың міне биік шыңнан.
Сыңғырла, соңғы қоңырау! жүктеу

Сыңғырла, соңғы қоңырау, соңғы қоңырау сценарийі, соңғы қоңырау, тақпақтар

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: