Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс — шара «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс — шара
«Аялы алақан» орталығының тіл дамыту маманы
Тақырыбы: « Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі — түсті шарлар, слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата — аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 — Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мырзаханов Бағлан Мырзаханович.
Құттықтау сөз кезегі
Ән « Ертегілер әлемінде» орындайтын Айгүл.
Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.

Тақпақтар:
Ақсұлтан Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Дильназ: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Каусар: Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Фариза: Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! — дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.

Ойын: «Тиын тастамақ»
Мұнда берілген сауалдарға жауап бере отырып, балаларыңызды таныстырып бересіздер.
Дұрыс, ата — аналар бір сәт болса да бала болып, өткенге көз жүгіртіп балалықты меңгердік десек те болады.
Би «Айгөлек»

Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән «Бала тілегі» орындайтын Айгүл
Жүргізуші: Осымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды.

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сауытбаева Гүлмира Серікбайқызы

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс шара, балабақшаға арналған ертеңгілік, балалар күніне арналған, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: