Үш тілдің патшалығы атты зияткерлік ойыны | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Тақырыбы: «Үш тілдің патшалығы» атты зияткерлік ойыны

Мақсаты: Оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Ана тілі мен өзге
тілдерді құрмет тұтуға тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Сайыстың барысы:
О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.
Әркімнің туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.

Армысыздар, құрметті көрермендер!
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.

Бүгінгі «Үш тілдің патшалығы» атты зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Добро пожаловать на мероприятие «Королевство трех языков».
Ендеше «Үш тілдің патшалығы» атты зияткерлік ойынына қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз.
Қайназардың тәрбиелі ұл — қызысыз,
Білімменен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз — дей келе, сіздердің қошаметтеріңізбен ортаға сайысқа қатысатын білімділерді ортаға шақырайық.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

Мұғалім:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
(Әділқазы алқасын сайлау)
Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Таныстыру
2. «Жеті жұрттың тілін біл»
3. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
4. «Үш тілдің патшалығы»
5. Логикалық бейне сұрақтар
6. Суреттерге қарап жұмбақ құрастыру
Мұғалім:
Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына білімі жетер дейміз.
Сайысқа келген екі топта кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.

І кезең Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)
І. Әр топтың өздерін таныстыруы және ұраны.
Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады.
«Болашақ» дарындылар тобы: « Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
«Асыл тас» білгірлер тобы: « Асыл тастан шығады ұранымыз,
Мектептің көкке шырқар қыранымыз».
— Балалар, біз сендермен бірге қай елде тұрамыз?
— Қазақстанда.
— Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз. Міне, біздің ел – Үш тілдің патшалығы болып табылады. Бұл бейбітшілік пен достықтың сиқырлы елі.
Мы с вами живем в центре Евразии — Казахстане. Это и есть Королевство трех языков. Это волшебная страна мира и дружбы.
Біздің патшалықта мынадай бұйрық жарыққа шықты:
В нашем королевстве вышел такой приказ, послушаем:
1 — тілмаш: «Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдарда үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».
2 — тілмаш: «Всем! Всем! Всем! От мала до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках (казахском, английском, русском)».
3 — тілмаш: «To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages — Kazakh, English, Russian!»

ІІ кезең
Келесі «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты: жасырынған сөздің жауабын үш тілде айту: қазақша, орысша, ағылшынша.

1. Жүз теңгең болғанша,
Жүз …………. болсын. (Дос – Друг – Friend)

Қабат — қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап – Книга – Book)

Көз қорқақ, ……….. батыр. (Қол – Рука – Hand)

Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы. (Ит – Собака – Dog)

…………….. алма, білім ал. (Алтын – Золото — Gold)

Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп — шығар сапары жоқ. (Мысық – Кошка – Cat)

Көңіл сырын ………………. білдіреді. (Көз – Глаза – Eye)

……………… дос үшін жан пида. (Жақсы – Хорошо – Good)

…………… басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ. (Су – Вода – Water)

Айдың он бесі …………….., он бесі қараңғы. (Жарық – Свет – Light)

ІІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Математика
1. 1 дм. неше сантиметр? (10 см)
2. Бірінші қатарда 7 бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? (11)
3. 1 сағ. Неше минут бар? (60)
4. Санды өрнек неден құралады? (саннан)

Қазақ тілі
1. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтті? не қылды?)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
3. Адамдар не арқылы хабарлайды, сұрайды, кеңеседі? (тіл)
4. Сөз неден құралады? (әріп)

Әдебиеттік оқу
1. «Қаздың тұзаққа түсуі», бұл қай ертегіде кездеседі? («Ұр, тоқпақ»)
2. «Түн ұйқысын төрт бөліп», деген жолдар кім туралы айтылған? (ана)
3. «Ақ шаш» әңгімесін кім жазды? (В. Сухомлинский)
4. Қыстың аязды ашық күні еді. Мен мылтығымды иығыма асып, таудан төмен түсіп келе жаттым. Бет алдымдағы қыратта қар үстінде бір топ шіл көрінді. Мен ағаштардың тасасымен шілдерге қарай беттедім. Екі көзім соларда. Тесіліп қарап келемін. Шілдер мені көрген жоқ.- үзінді қай мәтіннен алынған? (Қар астындағы ұялар)
Үш тілдің патшалығы атты зияткерлік ойыны жүктеу

Үш тілдің патшалығы, зияткерлік ойын, үш тұғырлы тіл, сайыс сабақ

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: