Өрттен сақ болайық! | Qazbrand.info

От – тілсіз жау!
Тақырыбы: Өрттен сақ болайық!
Мақсаты:
– Оттан дұрыс қорғана білуге үйрете отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үйрету.
– Адам өміріне қауіп төндіретін заттар туралы білімдерін кеңейту.
– Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жеттік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Өрт қауіпсіздігі ережелерінің суреттері, сіріңке қорапшасы және газ.

Сабақтың барысы:
Жұмбақ:
Есіктен кіреді,
Тесіктен шығады.
(От)
Жүрген жерін жалмайды,
Тілінен жарық тарайды.
(От)
Сары атым аунаған жерге шөп шықпас.
(От)
– «От – дос, от – жау» дегенді қалай түсінесіңдер?
– «От әр түрлі болады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ойын: «Не істейді?» (жылытады, күйдіреді)
– Өрт сөндірушілердің телефон нөмірі қандай? (Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне телефон шалып, өрт сөндіру қызметің шақыру керек.)
– Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы сандарды таңдаған?(Бұл нөмір қарапайым, әрі теруге жеңіл.)

Ой тастау;
– Өртті болдырмау үшін не істеу керек?
– Абайсызда өрт шығып кетсе бөлмеден тез шығып керу керек пе, әлде өрт сөндірушілерді күткен жөн бе?
– Өрт туралы кім хабарлау тиіс; балалар ма әлде үлкендер ме? Неге?
– Өрт бола қалған жағдайда, сен үйде қалып қойдың делік, есік құлыптаулы, сенің іс – әрекетің қандай?
– Ал телефон істемей қалған жағдайда не істер едің?(Онда сен айқайлап көршілерден көмек сұра.)
– Үйден өрт шыққан жағдайда, есікті қалай жабу керек? Неге?
– Үйдің іші түтін болған жағдайда не істер едіңдер?
– Неге тасаға немесе шкафтың ішіне тығылуға болмайды?
– Егер киімің жана бастаса, не істеу керек? Неге?
– Егер інің сіріңке тауып алса, сен не істер едің? Неге?
– Білесіңдер ме, балалар, жер бетінде әрбір 5секунд сайын өрт болып тұрады екен. Өрт көп зиян келтіреді.

Мақал – мәтелдер мағынасын түсіндіремін:
1. Отпен ойнама.
2. Ойыннан өрт шығады.
3. От пен су – тілсіз жау.
4. Отпен ойнама – өртенесің.
Күз кезінде айналаның бәрі қурай бастайды. Қурап тұрған қурай, шөп от тисе болды тез өртеніп жүре береді. Бір – бірінен тұтанып талай жерлер өртеніп кетеді. Шөптің арасында талай жәндіктердің, құрт – құмырсқалардың илеуі, ұсақ аңдардың індері т. б болуы мүмкін. Олардың бәрі күйіп кетеді. Өрт – табиғаттың жауы. Ол айтып келмейді. Сондықтан да оны тілсіз жау деп атайды.

Қорытындылау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды жеке атап өтіп мақтау, мадақтау.

Абай ауылындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ Балапан тобы
Мырзахметова Меруерт


От тілсіз жау өрттен сақ болайық өрт қауіпсіздігі сабақ жоспары өрт қауіпсіздігі ережелері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар