Тез дайындалатын қарапайым торт | Qazbrand.info

Тез дайындалатын қарапайым торт
Бұл торт арнайы мерекеге немесе қонаққа арналып жасалатын торт емес, үйде өзіміз үшін арнап пісіруге болатын торттың рецепті. Торттың қарапайымдылығы қалай пісірілуінде, арнай пеште емес, күнделікті газ плитада, тамақ пісіріп жүрген табаға пісірілуінде. Табаға алдымен бір жағын содан соң екінші жағын аударып пісіреміз.

Қамыр құрамы:
Ұн – 500гр
Қойылтылған сүт (сгущенное молока) – 1 банка
Жұмыртқа – 1 шт
Сода немесе разрыхлитель – 1 шай қасық
Қамырын дайындау: Қойылтылған сүтке жұмыртқаны, соданы салып араластырамыз, жұмсақ қамыр дайындайтындай аздап ұнды салып жайлап илейміз. Қамыр аса қатты да жұмсақ та болмауы керек.
Дайын болған қамырды 4 – 5 бөлікке бөліп дөңгелектеп 3 – 5 минутқа қалдырыңыз. Содан соң табаға сиятындай етіп жайып пісіреміз. Алдымен бірінші бетін содан соң келесі бетін аударып пісіре береміз. Ескерту: отты аса қатты қоюға болмайды! Өте тез пісетін болғандықтан.

Крем құрамы:
Сүт – 200гр
Сары май – 200 гр
Шекер – 200 – 250 гр
Жұмыртқа – 2 шт
Ұн – 2 – 3 ас қасық
Ванильді ұнтақ – 12 гр
Жаңғақ – 50 – 100 гр
Крем дайындалуы: Сүтке жұмыртқаны, ұнды, шекерді, ваниль ұнтағын саламыз да әбден араластырамыз, ұн түйіршіктері болмауы керек. Содан соң жай отта, қозғап тұрып пісіреміз.
Ескерту: отта тұрғанда түбіне жабысып жатқан жағдайда оттан түсіріп, әбден араластырып қайта отқа қойып 7 – 10 минуттай жай отта пісіреміз. Піскеннен соң оттан түсіріп сары майды араластырамыз да салқын жерге қоямыз.

Тортты әсемдеу:
Дайын болған кремді бір-бірлеп шелпектердің арасына жағамыз, сыртына да жағамыз. Шелпектен қалған майда үгінділерімен жаңғақты қосып торттың бетіне, сыртына сеуіп шығамыз.
Асыңыз дәмді болсын!

Авторы: Жадыра

Торт модовик қарау
Торт Наполелон қарау
Торт Наполеон 2 қарау

Пікір қалдырыңыз! Өзіңіз білетін тағам түрлерінің рецептімен бөлісе отырыңыз.


Тез дайындалатын торт қарапайым торт рецепті торттың рецепті ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар