Десятка. Баклажаннан жасалған салат | Qazbrand.info

Баклажаннан жасалған салат (Десятка)

Баклажан – 10 дана
Қызанақ (помидор) – 10 дана
Қызыл, көк бұрыш – 10 дана
Пияз – 10 дана
Ашты бұрыш – 1 дана
Сарымсақ – 1 бас
Шекер – 150 – 200 гр
Тұз – 2 ас қасық
Сірке қышқылы 70 % – 1 ас қасық
Су – 100 – 150 гр

Барлық көкөністерден 10 данасын алып, жуып-тазалау қажет. Түбін, бас жағын кесіп алып тастаңыз да барлығын ірі етіп тураңыз. Егер пияз ірі болса 4 бөлікке бөліңіз, майда болса, турамай сол күйінде салыңыз. Баклажанды 4 – 5 бөлікке бөліңіз. Бұрышты да помидорды да солай ірі етіп барлығының өлшемі бірдей болатындай тураңыз. Содан соң үлкен шараға салыңыз, дәміне қарай тұз, шекер, майды құйып араластырыңыз. Араластырғанда жайлап, мыжымай араластырыңыз. Үстінен өлшеп қойған суға сірке қышқылын араластырып құйыңыз және майдалап туралған сарымсақ пен ашты бұрышты салыңыз. Содан кейін отқа қойыңыз, бір рет қатты қайнап шыққан соң, бетін жауып, жай отта 40 – 45 минуттай қайнатыңыз. Дайын болуға 5 – 10 минут қалғанда дәмдеуіштерді салсаңыз болады. Райхан (базилик), лавр жапырағы, аскөк (укроп). Банкініні булағаннан соң, жаба беруге болады.
Бір ескеретін жай, отқа қойғаннан кейін қозғауға, араластыруға болмайды!

Егер сіздің де түрлі рецептеріңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз, сайтта жарияланатын болады.


Салат десятка қыстық салат баклажаннан жасалған салат үй шаруасындағы әйелдерге салат жасау рецептері салатты үйде қалай дайындайды баклажаннан салат жасаудың әдістері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар