Қияр тұздау | Qazbrand.info

Қияр тұздау

2 литр банкіге арналған мөлшер.
Қияр – 1,5-2 кг
Тұз – 2 ас қасық
Шекер – 1 қасық (десерттік қасықпен)
Су – 1 л (ыстық)
Аспирин – 2 түйір
Сарымсақ – 4 — 5 түйір
Дәмдеуіштер: Лавр жапырағы, аскөк (укроп), ақжелкек (хрен), қара бұрыш (түйіршік).

Қиярды жаппас бұрын барлық керегіңізді дайындап алу қажет. Мысалы: Суы кеуіп құрғап тұру үшін банкіні содамен ысқылап, тазалап жуып-шайып төңкеріп қойыңыз. Қақпақты да ыстық сумен жуу қажет.
Қиярды бақшадан жаңа теріп алған болсаңыз тазалап жуып, 1 — 2 сағаттай суық суға салып қойыңыз. Қиярлардың аса үлкен болмағаны дұрыс. Судан шығарып алғаннан соң, түп жағы мен бас жағын аздап кесіп алып тастаңыз.
Таза банкілерді шетінен булап (стерилизовать етіп), бірінші ақжелкекті, (хрен) салыңыз, содан соң қиярларды асықпай сыйымды етіп салыңыз, дәмдеуіштер сиятындай аздаған орын қалдырыңыз. Банкінің ішіне толтырып салынған қиярдың үстінен қайнап тұрған ыстық суды толтырып құйыңыз да, бетін қақпағымен жауып қойыңыз. Оған дейін сіз дәмдеуіштерді ыстық суға жуып дайындап қоюыңызға болады. 10 — 15 минуттай тұрғаннан соң, банкілерді бір-бірлеп суын төгіп, тұзды, шекерді, аспиринді, сарымсақты дәмдеуіштерді қалауыңызша мөлшерде салып, қайнап тұрған суды құйыңыз да, суытпай тездетіп жаба беріңіз.
Банкілерді жауып болғаннан соң төңкеріп үстінен жылы орамалмен жауып қойыңыз.

Егер сіздің де түрлі рецептеріңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз, сайтта жарияланатын болады.


Қияр тұздау соление огурцов рецепты қиярды тұздау технологиясы

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: