Баклажан икрасы | Qazbrand.info

Баклажан – 2кг
Қызанақ – 1, 5 кг
Бұрыш (тәтті) – 1 кг
Сәбіз – 700 гр
Бұрыш (ащы) – 2шт
Пияз – 1 кг

Бұл салат қыстық салат түрі болып есептеледі, сондықтан мөлшерін өз қалауыңызша өлшеп алуыңызға болады.
Баклажанды майда төртбұрышты етіп тураймыз да 4 – 5 қасық тұз салып, мұздай суға салып қоямыз, 40 минуттай тұруы қажет.
Қызанақтың қабығынан ажырату үшін, сыртынан төрт бөлікке бөлінетіндей жұқалап кесіңіз де үстінен қайнап тұрған ыстық суды құйып біраз уақытқа қалдырыңыз. Қабығынан ажыратып алған соң төртбұрышты етіп тураңыз. Пиязды, бұрышты, ашты бұрышты да төртбұрышты етіп тураймыз. Сәбізді майда ұзынша теркадан өткіземіз.
40 минуттан соң баклажанды тұзды судан шығарып мұздай сумен жуып, суын сығып аламыз. Қазан немесе шұңғылдау табаға жеткілікті мөлшерден май құйып, қазақ қызғаннан соң баклажанды салып қуырамыз, қуырылып болғаннан соң үлкенірек кастрөлге саламыз (ыдыстың үлкендеу болғаны дұрыс өйткені барлық қуырылғандарды сол ыдысқа салып қайнату үшін).
Қуырылған баклажанды алған соң артынан аздап май құйып, пиязды қуырамыз, пияз сарғыш болып қуырылған кезінде оны да баклажанның үстіне кастрөлге түсіріп аламыз да, аздап май құйып сәбізді қуырамыз, жұмсарған соң оны да кастрөлге саламыз да, аздап май құйып бұрышты қуырамыз, дайын болған соң бұрышты да кастрөлге түсіріп аламыз. Соңынан қызанақты май құймай қайнатамыз, қызанақ қайнаған соң қуырылғандардың үстіне құямыз.
Кастрөлді отқа қойып, 2 қасық тұз, 1 қасық шекер ашты бұрышты салып 40 – 50 минуттай жай отта қайнатамыз. Дайын болуға 5 – 10 минут қалғанда 9 %- тік уксустан 2 шай қасық құямыз. Салат дайын жаба беруге болады.

Егер сіздің де түрлі рецептеріңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз, сайтта жарияланатын болады.


Баклажан икрасы қыстық салат түрлері икра күздік салат түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар