Лечо салаты | Qazbrand.info

Қызанақ (помидор) – 2кг
Сәбіз — 1 кг
Бұрыш (перец) – 1кг
Пияз – 1кг
Қант – 200 гр
Тұз – 1-1,5 ас қасық
Май – 200 гр
Ашты бұрыш – 1бас
Сарымсақ (чеснок) – 3-4 тал
Дәмдеуіштер: аскөк (укроп), райхан (базилик), лавр жапырағы

Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш етіп тураңыз. Сарымсақты, ашты бұрышты майдалап тураңыз. Өлшеп алған майды қазанға құйыңыз қызғаннан соң, пиязды салып аздап қуырыңыз, аздан соң бұрышты сонан соң сәбізді салып әбден араластырыңыз майға әбден араласқан соң, үстінен дайын тұрған қызанақтан дайындаған шырынды құйыңыз. Сөйтіп қатты бір қайнап шыққан соң сарымсақ, ашты бұрышты, шекер, тұзды салыңыз, отты басып қойып 30-40 минуттай қайнатыңыз. Жиі қозғап араластырып тұрыңыз, сәбіз, пияз жұмсарғанша қайнауы керек. Дайын болғанға дейін 5 минут қалғанда дәмдеуіштерді салыңыз. Банкіні булап (стерилизация) алып жаба бересіз.


Лечо салаты лечо салатын жасау технолгиясы сәбізден жасалатын салаттар банкі жабу күзгі салат жасау сәбізді пайдаланып жасалатын салат қызанақ шырыны

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: