Капуста (қырыққабат) тұздау | Qazbrand.info

Қырыққабат (капуста) тұздау
Қырыққабат – 10 бас
Ашты бұрыш – 0,5кг
Сарымсақ – 0,5кг
Тұз – 0,5кг
Су – 10л

Бұл ашты қырыққабатты қыс бойы жеуге арнап тұздайтын болғандықтан, тұзды суды үлкен шелекке дайындап алыңыз. 10 литр мұздай суға шамамен 0,5 кг тұз салып, араластырыңыз. Тұз түбінде шөгіп қалмай, толық еруі қажет. Қырыққабаттың қабығын аршып тастаңыз да екіге бөліңіз, үлкен болса төртке бөліңіз. Үлкен ыдысқа сыйымды етіп салыңыз. Үстінен дайын тұзды суды құйыңыз, бетіне целлофан салып ауыр затпен бастырып қойыңыз.
Әдетте мен, үш-төрт тасты жуып-тазалап дайындап қойғанмын, сол тастармен бастырып қоямын. Шамамен екі аптаға жуық салқын жерде тұруы қажет.
Енді қырыққабатқа ерекше дәм беретін дәмдеуішті дайындау қажет. Ол үшін ашты бұрышты да сарымсақты да қалауыңызша салуға болады. Егер аштыға құмар болсаңыз көп дайындайсыз, аса ашты болмасын десеңіз 0,5 кг ашты бұрыш, 0,5 кг сарымсақтан дайындалған қоймалжың жеткілікті. Ашты бұрыш пен сарымсақты еттартқыштан (мясорубкадан) өткізіңіз. Дайын болған қоймалжыңды қырыққабаттың арасына жағып, үлкен ыдысқа қайта реттеп салыңыз, болғаннан соң, алдында бастырған ауыр затпен бастырып қойыңыз. Екі аптадан кейін жеуге болады.
Қырыққабат арасына дәмдеуішті жағатын кезде қолыңызға резеңке қолғап немесе целлофан киіп алыңыз, қолыңызды ашымау үшін.
Бұл тұзды қырыққабатты күн салқындаған уақытта жасау қажет, салқын жерде тұрмаса бұзылып кету мүмкін. Қазан айының ортасынан бастап дайындаған дұрыс


капуста тұздау қырыққабаттан салат жасау капуста соленая капуста салат

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: