Күздік салат (қысқа сақтауға арналған) | Qazbrand.info

Қызанақ – 1 кг
Болгар бұрышы – 1 кг
Пияз – 1 кг
Сәбіз – 1 кг
Қырыққабат (капуста) – 1 кг
Қияр – 1 кг
Тұз – 2 ас қасық (дәміне қарай)
Шекер – 4 ас қасық
Сұйық май – 250 мл
Уксус 70 % – 3 ас қасық (250 мл суға араластырып қосу)

Жасалуы
▪ Көкөністердің барлығын жуып – тазалап алғаннан соң, ұзынша етіп тураңыз. Өз қалауыңызша турауға болады (ірі турауға болмайды).
▪ Туралған көкөністердің барлығын үлкен шараға салып араластырыңыз. Шекер, тұз, май, суға араластырылған уксусты да құйыңыз.
▪ Көкөністер көп болғандықтан қолмен жақсылап араластырыңыз да 10 минут отқа қойып қайнатыңыз.
▪ Банкілерді булаңыз (стерилизация), қақпақты ыстық суға жуыңыз немесе қайнатып алыңыз да, салатты банкілерге салып жаба беріңіз.
▪ Барлық банкілерді жауып біткен соң, банкілерді төңкеріп жылы орамалмен жауып қойыңыз.


Күздік салат көкөністер салат рецептері қырыққабат капустадан жасалған қыстық салат түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар