Қырыққабат (капуста) – 3 кг
Сәбіз – 700 гр
Сарымсақ – 2 — 3 бас
Су – 1 литр
Сұйық май – 250 мл
Тұз – 3 ас қасық
Шекер – 100 — 150 гр
Қызыл бұрыш – 1 ас қасық
Уксус 70 % — 3 ас қасық
Жасалуы
▪ Сәбізді корей салатына арналған теркадан өткіземіз, сарымсақты жұқалап дөңгелектеп тураймыз. Сарымсақ пен сәбізді араластырамыз.
▪ Қырыққабатты төртбұрыштап тураймыз.
▪ Үлкен ыдысқа сәбізден бір қатар салып, үстіне бір қатар қырыққабаттан саламыз, осылай түгел салып шығамыз.
▪ Суды отқа қоямыз қайнаған соң тұз, қызыл бұрыш, шекер, май, уксусты құйып дайын болған тұздықты қырыққабаттың үстіне құямыз.
▪ Үстінен ауыр затпен бастырып 12 сағатқа қалдырамыз. Дайын болған салатты тоңазытқышта сақтауға болады.
Корей салаты қырыққабат пен сәбіз капустадан салат жасау салат рецепті оңай әрі тез салат түрі
© Дереккөзі