Ұн – 3 стакан
Ашытқы (дрожжи) – 1 ас қасық
Сүт – 1 стакан
Сұйық май – 0, 5 стакан (жарты стакан)
Жұмыртқа – 1 бас
Сары май (слив. масло)– 1 ас қасық
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – 2 шай қасық
Ірімшік (творог) – 200 гр
Күнжүт, зире (тмин) (бетіне себуге)
Жасалуы
▪ Алдымен табаққа ұнды салыңыз, ашытқы, тұз, шекер, жұмыртқа май, сүтті құйып жұмсақ қамыр илеңіз.
▪ Қамырды көтерілгенге дейін жылы орап қойыңыз.
▪ Қамыр көтеріліп яғни ашығаннан кейін 7 бөлікке бөліңіз де майда шелпектер секілді жайыңыз.
▪ Майда дөңгелек қамырлардың арасына сары май жағып бір — бірінің үстіне қойыңыз. (сары май жағылатындай жұмсақ болуы керек, отқа еріту қажет емес)
▪ Қабатталған қамырды және жайыңыз, жұқалығы бауырсаққа жайған қамырдан сәл жұқа болуы керек.
▪ Қамырды үшбұрышты етіп 12 бөлікке кесіңіз.
▪ Ірімшікті төгілмейтіндей етіп салып ораңыз да бетіне жұмыртқа сарысын жағып күнжүт пен зирені сеуіп 180⁰С пешке салып пісіріңіз.
Табаның іші былғанбасын десеңіз қамыр астына арнайы қағаз төсеп салып пісіруге болады.
Суретімен қарау
Дайындаған: Жадыра
Сіздің де рецептеріңіз болса салуға болады, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз немесе сайтқа кіріп енгізіңіз поштаға жіберуге де болады
Рогалики тәтті тоқаш ірімшік қосылған қарапайым рецептер ұннан жасалған тағам түрлері
© Дереккөзі