Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты | Qazbrand.info

Қырыққабат (капуста) — 1 бас
Сәбіз — 2 бас
Тұз – 2 шай қасық
Дәмдеуіштер: лавр жапырағы, қара бұрыш (горошек) — қалауыңызша
Ащы бұрыш – 1 — 2 бас.
Су — 1,5 л

Бұл 3 литрлік банкіге арналған өлшем.
Көкөністерді тазалап жуып алыңыз. Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураңыз, сәбізді ұзынша етіп тураңыз (теркадан өткізуге де болады). Қатты мыжымай араластырыңыз да банкіге салыңыз, дәмдеуіштерді қалауыңыз бойынша салуға болады. Үстінен тұзды су құйылып дайындалатын болғандықтан, бір литр салқын суға 2 шай қасық тұз салып араластырыңыз. Дайын болған тұзды суды банкідегі капустаның үстіне құйыңыз. Ашытылған қырыққабат салаты дайын болуы үшін ас бөлмеде 3 күнге дейін қалдырыңыз.
Ескерту: Капуста ашып бастаған сәтте суы банкінің сыртына төгілуі мүмкін, сондықтан банкіні үлкенірек табақтың ішіне салып қойған дұрыс, банкінің астына түгел су баруын қадағалаңыз, шанышқымен араластырып төменгі жағындағы ауаны шығарып тұрыңыз.
Дайын болған қырыққабатты салқын жерге шығарып немесе тоңазытқышқа салып қойыңыз.


Ашытылған қырыққабат квашеная капуста простой рецепт өте оңай салат банка жабу дәмді салат рецепті

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: