Котлет | Qazbrand.info

Тартылған ет (фарш) – 200 гр
Жұмыртқа – 1 бас
Пияз – 1 бас (орташа)
Нан – 1 бөлік
Сүт – 100 мл
Тұз – жарты шай қасық
Шекер – жарты шай қасық
Қара бұрыш – қалауыңызша
Ұн (фарштың сыртын аунату үшін)
Сұйық май (қуыру үшін)

▪ Ең алдымен нанды майдалап турап сүтке салып жібітіп қою керек.
▪ Пиязды қабығынан тазалап жуып алып, төртбұрышты етіп майдалап турайды.
▪ Барлығын үлкен табаққа салып араластыру керек (тартылған ет, пияз, жұмыртқа, тұз, шекер, қара бұрыш, сүтке езілген нан).
▪ Дайын болған езбені майда бөліктерге бөліп, дөңгелек күлшелер жасайды.
▪ Табаның ішіне 1 қасық май құйып қызған соң майда дөңгелектерді ұнға аунатып алып, табаға салып қуырады. Бір бетін 3 минут екінші бетін 3 минут.
▪ Барлығын қуырып біткен соң табаның ішіне тамақ құятын ожаумен бір ожау су құйып котлеттерді салып 20 минут жай отта және пісіреді.
Ескерту Әр қуырған сайын 1 қасық май құйып отырады.


Котлет рецепті фарштан жасалған тағам еттен сиыр етінен жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар