Фаршталған бұрыш (фаршированный перец) | Qazbrand.info

Болгар бұрышы – 5 бас
Фарш – 200 гр
Күріш – 2-3 ас қасық
Пияз – 2 бас
Сәбіз – 1 бас
Томат – 1 шай қасық
Тұз – жарты шай қасық
Зира – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша

▪ Алдымен бұрышты жуып тазалап түп жағын кесіп, ішін тазалап алыңыз.
▪ Күрішті салқын сумен жуып, жай отта 5 минуттай қайнатып алыңыз.
▪ Пиязды қабығынан тазалап алып, майдалап төртбұрышты етіп тураңыз. Өте майда етіп турау керек.
▪ Фарш, күріш, пияз, тұз, қара бұрыш, зира барлығын жақсылап араластырыңыз.
▪ Фаршты бұрыштың ішіне сыйымды етіп салыңыз, қатты нығыздау қажет емес.
▪ Қазанды отқа қойып пияз бен сәбізді томатты қуырыңыз да бір шай кесе су құйыңыз. Фарштаған бұрышты қатарынан салып үстінен қайнап тұрған суды құйыңыз, бұрыштың бетін жабатындай болсын. Жай отта 20-25 минуттай қайнауы қажет.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

Пікір қалдырыңыз, рецептеріңіз болса поштаға жолдаңыз: bilimdiler@yandex.kz


фаршированный перец рецепті фаршталған бұрыш

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: