Бәліш (пирожки)

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Пирожки, бәліш рецепттер, ашытылған қамыр, ұннан жасалған тағам түрлері

Сүт – 1 стакан
Ашытқы – 1 шай қасық
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – жарты шай қасық
Сұйық май – 1 ас қасық

Қамыр ішіне салуға
Картоп – 2 бас
Пияз – 1 бас
Қара бұрыш – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша

Бұл бәлішті бауырсақ пісіргендей майға пісіруге де болады, майсыз пеште пісіруге де болады.
Сүтті аздап отқа қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр илеңіз. Қамырды жылы орап қойыңыз, шамамен 25 минуттан соң қамырды жақсылап илеп және көтерілгенше 15 — 20 минутқа қалдырыңыз.
Қамыр дайын болғанға дейін картопты қайнатып пісіріп қойған дұрыс. Езілген картоппен майда туралған пиязды араластырып салма дайындау керек.
Қамырды майда бөліктерге бөліп дөңгелек күлшелер жасап ішіне салмасын қалауыңызша салып түйесіз.
Дайын болған күлшелерді табаға салған соң бетіне жұмыртқа сарысын жағу керек. Пеште 20 — 25 минуттай пісіреді, беті қызарған соң пештен ала беруге болады.

Пирожки, бәліш рецепттер, ашытылған қамыр, ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: