Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом) | Qazbrand.info

Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом)
Қамырына
Ұн – 3 кесе
Сары май – 200 гр
Шекер – 1 кесе
Тұз – жарты шай қасық
Сода – жарты шай қасық

Қамырдың ортасына құятын қоймалжың
Сүзбе – 500 г.
Жұмыртқа – 4 бас
Шекер – 1 кесе
Ванилин – қалауыңызша

Алдымен қамыр ортасына құйылатын қоймалжыңды дайындап алу қажет.
▪ Сүзбені үлкен ыдысқа салып жұмыртқа, шекер, ванилинді салып барлығын жақсылап араластыру керек (блендермен араластырса дұрыс). Қоймалжың дайын.
Қамырын дайындау тәсілі:
Негізінен қамыр дегенімізбен қамыр емес Ұнмен сары майдан үгінді дайындаймыз.
▪ Сары майды ірі теркадан өткізіп, үстіне ұн, шекер, тұз, соданы салып жақсылап араластыру қажет. Осы үгіндіні майланған табаның ішіне жартысын саламыз (шеткі жағын биіктеу етіп саламыз, өйткені үстіне сүзбеден дайындалған қоймалжың құйған кезде төменге ағып кетпес үшін).
▪ Сүзбеден дайындалған қоймалжыңды құямыз.
▪ Оның үстіне ұннан дайындалған үгіндінің қалғанын саламыз.
▪ 180 градус ыстық пеште 40 минуттай пісіреміз.
Бәліш дайын, асыңыз дәмді болсын!

Алма қосылған пирог қарау


пирог с творогом сүзбе қосылған бәліш пирог рецепті ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар