Пицца Маргарита | Qazbrand.info

Пицца Маргарита (оңай рецепт)
Қамырына
Ұн – 500 гр
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – 1 шай қасық
Ашытқы – 2 шай қасық
Сұйық май – 2 ас қасық
Су – 200 мл

Салмасына:
Томат немесе кетчуп – 200 гр
Ірімшік – 200 гр

Ұн, су, тұз, шекер, ашытқы майды қосып жұмсақ қамыр илеу қажет.
Қамырды орап 30 минутқа қалдыру керек.
Жарты сағаттан соң қамырды өзіңізге керекті мөлшерде бөліп дайындап алу керек. Содан соң қамырды жұқалап жайып үстіне томат немесе кетчуп жағып үстіне майда теркадан өткізілген ірімшікті салып 220 градус ыстық пеште 7 – 10 минут пісіру қажет.
Ескерту: томат, кетчуп орнына үйде дайындалған қызанақ салатын жағуға болады.


Пицца Маргарита оңай пицца рецепті дәмді пицца пицца ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар