Алма қосылған бәліш (пирог)

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Алма қосылған бәліш

Құрамы
Ұн – 450 гр.
Тұз – 1 шай қасық
Сары май (слив масло) – 300 гр.
Суық су – 100-150 мл.

Қамыр ішіне салуға
Алма 800 гр.
Шекер – 150 — 180 гр.
Ұн – 30 гр.
Сары май – 50 гр.
Лимон сөлі – 1 шай қасық

Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған соң тұз салып мұздай су құйып қамыр илеңіз. Дайын болған қамырды екіге бөліңіз, біреуін үлкенірек екіншісі кішірек болуы керек, целлофанға орап тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Қамыр ішіне салатын салмасын дайындау үшін алманы жуып — тазалап кептіріп, қабығын аршып тастап жұқалап тураңыз. Туралған алманы үстіне шекерді, ұнды, сары майды, лимон сөлін құйып жай отқа 3 — 4 минут шекер ерігенше қойып алаңыз.
Қамырды тоңазытқыштан шығарып қалыңдығын 3 мм етіп жаямыз. Жайылған қамырды форманың ішіне салып артығын кесіп алып тастаңыз. Алмадан дайындаған салманы саламыз.

Қамырдың екінші бөлігін қалыңдығы 3 мм етіп жаямыз да ұзынша етіп кесеміз.
Қамырдан кесілген ұзынша бөліктерді алманың үстіне сетка тоқығандай қойып шығамыз.
Бетіне жұмыртқа сарысын жағып 200 градус қызып тұрған пеште 40 — 50 минуттай пісіреміз. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

Толық нұсқасын қарау

Пирог рецепті, алма қосылған пирог, оңай пирог, алма пирогы, ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: