Орама нан немесе ханым

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Орама нан немесе ханым

Қамырына:
Су – 200 — 250 мл
Ұн – 600 гр
Жұмыртқа – 1 — 2 бас
Тұз – 1 шай қасық

Қамыр ішіне салынатын өнімдер:
Тартылған ет – 500 гр
Пияз – 500 гр
Асқабақ – 300 гр
Тұз – қалауыңызша
Сұйық май – 200 гр
Томат – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша
Зира – қалауыңызша

Ең алдымен қамырды илеп дайындап қою қажет. Үлкен ыдысқа ұнды електен өткізіңіз, бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып тұз салып суды құйып дайындап араластырып алыңыз, дайын суды ұнның үстіне аздап құйып қаттылау қамыр илеңіз.

Еттен басқа өнімдерді жуып тазалап алған соң бәрін бірдей етіп төртбұрышты майда етіп тураңыз. Туралған пияздың жартысын томатпен қосып майға аздап қуырып алыңыз. Барлық өнімді араластырыңыз: ет, пияз, асқабақ, қара бұрыш, тұз, қуырылған пияз.

Қамырды жаюды бастамас бұрын мәнтіге арналған кастрөлге су құйып отқа қойып қойыңыз.

Қамырды төрт бөлікке бөліп алыңыз, фаршты да төртке бөліп алыңыз.
Қамырды жұқалап жайып, фарштың бір бөлігін тегістеп салып шетінен бастап дөңгелектеп ораңыз. Мәнтіге арналған қазанның табағын майлап ішіне салыңыз. Барлығын жайып, салып біткен соң отқа қойыңыз. Қатты қайнап тұрған суда 45 — 50 минут пісіру қажет. Дайын ораманы қаймақпен ұсынсаңыз өте орынды болады. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

Өзіңіз ұнатып жейтін сүйікті асыңыздың рецептімен бөлісуіңізге болады ол үшін: поштаға хат жолдаңыз немесе пікір қалдырыңыз

Орама нан, ханум, ханым, буда піскен тағам, пайдалы тағам түрлері, тағам рецептері, ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: