Алма қосылған салат (Салат Черепаха) | Qazbrand.info

Алма қосылған салат (Салат Черепаха)
Алма – 3 бас
Ірімшік (сыр) – 250 гр
Жұмыртқа – 7 бас
Майонез – қалауыңызша
Грек жаңғағы – 100 гр

Алманы жуып тазалап қабығын аршып алып тастап, ұзынша етіп турап майонезбен араластырып қойыңыз.
Ірімшікті де ұзынша етіп турап майонезбен араластырып қойыңыз.
Жұмыртқаның ағын сарысынан бөлек алып ұзынша етіп тураңыз, жұмыртқаның сарысын бөлек ыдысқа майда үккіштен өткізіңіз. Салаттың атауы тасбақа болғандықтан қаласаңыз әрлеуге бір жұмыртқаны қалдырып қойыңыз.
Үлкен тәрелкеге туралған алманың жартысын салыңыз, үстіне ірімшіктің жартысын салыңыз, үстіне туралған жұмыртқаның ағын салыңыз. Қайталап алманың қалғанын салыңыз оның үстіне ірімшікті, оның үстіне жұмыртқаның ағын салып шығыңыз. Ең бетіне жұмыртқаның сарысын сеуіп шығыңыз да жаңғақтарды қалауыңызша қойып шығыңыз. Майдалап себуге де болады. Өз қиялыңызға қарай әрлеп шығуыңызға болады. Салат дайын, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

Салат ұнаған болса пікір қалдырыңыз, өз рецептеріңізбен бөлісіңіз.


Салат черепаха алма қосылған салат рецептер оңай салат түрлері майонез қосылған салаттар дәмді салат рецепті

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар