Бал мен банан оралған құймақ

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Құймақ

Ұн — 200 гр
Сүт — 150 мл
Йогурт – 2 шай қасық
Жұмыртқа — 1 бас
Ванильді қант — 1 шай қасық
Көпсіткіш (разрыхлитель ) – жарты шай қасық
Шекер — 2 ас қасық
Тұз – бір шымшым
Сұйық май – пісірген кезде қажет

Піскен құймақ ішіне салуға және себуге:
Банан — 1 бас
Бал (мёд) — қалауыңызша
Даршын (Корица) — 2 шай қасық
Қант ұнтағы — 1 шай қасық

Жасалу тәсілі: Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды бір ожаудан табаға құйып тұрып пісіріңіз. Бауырсақ пісіріп жүрген таба болса, асты жабыспай жақсы піседі.
Бананның қабығын аршып, дөңгелектеп тураңыз. Дайын құймақтың үстіне бананның 2 — 3 бөлігін қойып, үстіне 1 шай қасық бал жағып, корица мен қант ұнтағын сеуіп ораңыз. Оралған құймақты ортасынан екіге бөліп қоюға болады.

Дайындаған: Жадыра

Блинчик, құймақ, банан қосылған құймақ, таңғы ас, бал қосылған құймақ, ұннан жасалған тағам түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: