Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом) | Qazbrand.info

Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қияр – 5 – 6 бас
Сиыр еті – 400 гр
Пияз – 3 – 4
Сарымсақ – 5 – 6 түйір
Ащы болгар бұрышы – 1 бас
Сұйық май (етті қуыру үшін) – қалауыңызша
Қара бұрыш, кинза, тұз, дәмдеуіштер – қалауыңызша
Соя соусы – 3 – 4 ас қасық
Сірке қышқылы (уксус) – 1 шай қасық

Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 – 3 – ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Етті де ұзынша етіп турау керек, жұқа жіңішке етіп тураған жөн. Еттің үстіне дәмдеуіштерді сеуіп, тұздап 3 – 4 қасық сұйық май құйып араластырып, 10 – 15 минутқа қалдырыңыз.
Пиязды турағанда әдеттегідей емес, басынан түбіне қарай ұзынша етіп тураңыз. Бұл салатқа солай турау дұрыс болады.
Ащы болгар бұрышын ұзынша етіп тураңыз, ішіндегі ұрығын алып тастау қажет, өйткені қатты ащы болып кетеді.
Сарымсақты да жұқалап тураңыз.

Табаға етті салып қуырыңыз, піскен соң түсіріп алыңыз. Артынан аздап май құйып пиязды қуырыңыз. Пиязды бөлек ыдысқа түсіріп алыңыз, артынан сарымсақ пен ащы бұрыш екеуін бірге қуырыңыз.
Қиярдың сөлін сығып тастаңыз. Үлкен ыдысқа салып барлығын араластыру керек. Қияр, ет, пияз, ащы бұрыш пен сарымсақ, соя соусы, сірке қышқылы. Салатты 30 минутқа қалдырыңыз.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл


Огурцы с мясом қуырылған ет пен қияр салаты корей салаты дәмді салат оңай салат түрлері

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар