Тауық етін пеште пісіру | Qazbrand.info

Тауық етін пеште пісіру. Окорочка в духовке
Тауық сан еті – 2 шт
Картоп – 3-4 бас
Майонез – 100-150 грамм
Сарымсақ – 4-5 түйір
Қара бұрыш – жарты шай қасық
Қызыл бұрыш (ұнтақ) – жарты шай қасық
Тауық етіне арналған дәмдеуіш (приправа) – қалауыңызша
Су – 5-6 ас қасық
Тұз – қалауыңызша

Тауықтың екі сан етін жуып алған соң кептіріп 6-7 бөліктерге бөліп алыңыз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Картопты қабығынан тазалап алған соң, жуып тураңыз. Бір картопты ұзынынан 4 бөлікке бөліңіз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Соус дайындау үшін: майонезге майда туралған сарымсақты, қара бұрыш, қызыл бұрыш, дәмдеуіш, тұз, суды құйып араластырыңыз.
Соустың жартысын картоптың үстіне, жартысын тауық етіне құйып жақсылап араластырыңыз. Соус біраз сіңіп тұруы үшін 30 минутқа қалдырыңыз. Дайын болған соң, ет пен картопты табаға салып, пешті қыздырып алып, 200 градуста 1 сағаттай пісіріңіз, әр 20 минут сайын табаның түбіндегі сөлін тауық етінің бетіне құйып, пешке қайта салыңыз. Сонда тауық еті жұмсақ болып піседі.
Дайындаған: Жадыра

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар