Бал қосылған торт (Торт медовик) | Qazbrand.info

Торт медовик. Бал қосылған торт
Қамыр құрамы:
Ұн – 400 грамм
Бал (мёд) – 500 грамм
Сары май (масло сливочное) – 125 грамм
Жұмыртқа – 3 бас
Көпсіткіш (разрыхлитель) – 10 грамм
Ванильді қант (сахар ванильный) – 10 грамм
Лимон қабығы үгіндісі – 1 шай қасық

Бұл тортты дайындау үшін қамыр қоймалжың болуы шарт.
▪ Ең алдымен ұнды електен өткізіп көпсіткішпен араластырамыз.
▪ 3 жұмыртқаны алып ағынан сарысын бөліп аламыз.
▪ Балды ыдысымен ыстық су буына қойып ерітіп аламыз үстіне 125 грамм сары май салып ерігенше араластырамыз. Оның үстіне жұмыртқаның сарысын және лимон үгіндісін салып тағы араластырамыз.
▪ Бөлек ыдыста жұмыртқаның ағын көпіршік болғанша миксермен араластырамыз. Араластыру үстінде ванильді қантты саламыз.
▪ Електен өткізіп дайындап қойған ұнның үстіне балдан дайындалған қоймалжыңды және жұмыртқа ағынан дайындалған қоймалжыңды араластырып қоймалжың қамыр дайындаймыз.

Табаның ішіне арнайы қағаз төсеп маймен майлап, сұйық қамырды тегістеп салып қызып тұрған пеште (180 градус) 7 – 10 минут пісіреміз. Бұл дайындалған қоймалжыңнан 4 – 5 шелпек шығады. Шелпектерді 2 – 3 сағат суытып қоямыз.

Крем құрамы:
Қаймақ майлылығы 30% – 1 килограмм
Шекер – 400 грамм
Ванильді қант – 10 грамм

▪ Қаймақ, шекер, ванильді қантты салып миксермен жақсылап араластырамыз.

Дайын шелпектерді қалаған пішінде кесіп дайындап алған соң арасына кремді қалыңдап жағып, шелпектерді жинап шығамыз. Сыртына үгінділерді себеміз. Тортты біраз уақыт салқын жерге шығарып қойған дұрыс.

Дайындаған: Жадыра

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар