Айран қосылған пирог

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Айран қосылған пирог

Айран – 250 мл.
Шекер – 150 гр
Ұн – қою болғанша салу қажет
Жұмыртқа – 2 бас
Көпсіткіш (разрыхлитель)- 10 гр
Грек жаңғағы – 100 гр
Тұз – аздап қана
Май – табаны майлау үшін
Тосап (варенье), күлше үгінділері – қалауыңызша (дайын пирог сыртына жағу үшін)

Үлкендеу табақ алыңыз, 2 жұмыртқаны жарып салыңыз, шекерді салыңыз, миксермен араластырыңыз. Қоймалжыңның үстіне айранды құйыңыз, араластырып ұнды електен өткізіп салыңыз, көпсіткішті салыңыз, аздап тұз себіңіз де миксермен жақсылап араластырыңыз. Қоймалжың үстіне жаңғақтарды салыңыз (жаңғақ қоспауға да болады, өз қалауыңызша басқа кепкен жеміс немесе өзге дәндер қосуға да болады). Табаны жақсылап майлап алыңыз да қоймалжыңды құйыңыз. 180 — 200 градус қызып тұрған пеште 30 — 35 минуттай пісіру қажет. Пирогтың сыртына кез келген вареньемен қалауыңызша жағып шығып, үйде қалған күлше үгінділерін сеуіп қойсаңыз тамаша болады. Пирог дайын, шайыңыз тәтті болсын!

Дайындаған: Жадыра

Айраннан пирог, пирог с кефиром, пирог рецепт

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: