Қаттама | Qazbrand.info

Құрамы:
Ұн – 500 гр
Су – 200 гр
Тұз – жарты шай қасық
Сары май – 100-150 гр
Сұйық май – пісіру үшін

Жасалуы:
Үлкендеу табаққа ұнды елеп аламыз, тұзды суды ұнның үстіне құйып жұмсақтау етіп қамыр илейміз. Қамырды 5 – 10 минутқа қалдырамыз.
Қамырдың июі әбден қанғаннан соң жұқалап жаямыз.
Жұқа жайылған қамыр үстіне сары майды ерітіп жағамыз (майды аса көп жақпаңыз, өйткені қамыр сыртына дейін шығып кетеді). Майды жұқалап жаққан дұрыс, себебі оны қайта майға пісіретін болғандықтан. Май жағылған қамырды ораймыз. Оралған қамырларды кішкене бөліктерге бөліп алып дөңгелектеп жаямыз. Табаға 1 ас қасық май құйып, жайылған қамырларды бір – бірлеп екі жағын аударып тұрып пісіреміз.

Дайындаған: Асыл

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар