Құлпынай тосабы (Клубничное варенье)
Құлпынай тосабын дайындау үшін
Құлпынай – 1 кг
Шекер – 1 кг
Құлпынайды тазалап жуып, езілгендерін алып тастау қажет.
Құлпынайдың дәміне қарай шекер саласыз, тәтті болса, 1 кг — ға 1 кг, қышқыл болса 1 кг-нан асырып салу керек, сөлі шыққанға дейін қойып қою керек.
Тосаптың түсі ашық болуы үшін лимон сөлін тамызуға болады.
Содан соң, отқа қойып 5 минут қайнату қажет, осылай әр қайнатқанда 5 минуттан 3 рет қайнатылады.
Қайнағанда міндетті түрде көбігін алып тастау керек, әйтпесе тосаптың түсі қоңыр болып кетеді.
Дайын болған тосапты стерильденген банкаларға құйып жаба беруге болады.
Құлпынай тосабы, тосап рецепт, құлпынай тосабы рецепті