Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру.

Қыстық азық дайындау. Бұл салатты ет, балық өнімдеріне гарнир ретінде ұсынуға болады сонымен бірге жолға азық ретінде салып алуға ыңғайлы. Кейде тамақ әзірлеуге уақыт тапшы болған кезде ұсынуға болады. Салат өте дәмді әрі жасалуы өте оңай, әр үйде бар көкөністерден дайындалады.

Құрамы:
Сәбіз – 1 кг
Пияз – 1 кг
Бұрыш – 1 кг
Қызанақ – 3 кг
Қарақұмық (Гречка) – 500 гр
Шекер – 200гр
Тұз – 2 ас қасық
Сірке қышқылы (уксус 6%-) — 2 ас қасық
Сұйық май – қалауыңызша

Дайындау әдісі:
Бұрыш, сәбіз, қызанақтан езбе дайындау керек. Қалауыңызша еттартқыштан немесе блендермен өткізу өз еркіңізде. Пиязды майдалап төртбұрышты етіп тураңыз.
Қазанға май құйыңыз, май қызған соң пиязды салыңыз, сәбізді салыңыз, бұрышты салыңыз. Қызанақты құйыңыз.
Қарақұмықтың өзін суға бөлек қайнатып алыңыз. Жартылай піскен қарақұмықты қазандағы қайнап жатқан көкөністердің үстіне салыңыз. Дайын болғанға дейін жай отта қайнатып пісіріңіз. 40 минуттай қайнауы қажат. Тұз, шекер, сірке қышқылын дәміне қарай қосыңыз. Дайын болған салатты стерилденген банкілерге құйып жаба беруге болады. Дәмдеуіштерді дайын болуға 5-7 минут қалғанда салуға болады (қара бұрыш түйірлері, лавр жапырағы, райхан (базилик))
Ескерту, банкінің таза жуылуына, қақпақтың да ыстық сумен жуылуын қадағалаңыз.

Дайындаған: Асыл.

Қыстық салат, көкөністен салат, қысқа дайындық
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: