Ашытылған қырыққабат (квашеная капуста)

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Ашытылған қырыққабат (квашеная капуста)

Ашытылған қырыққабат салатын дайындау соншалықты қиын емес және 2 — 3 күнде дайын болады. Дайын болған соң салқын жерде сақтауға тура келеді немесе тоңазытқышқа салып қою керек. Кез келген ашытылған қырыққабат дайындау үшін қабығы қалың ақ қырыққабат түрін пайдаланған жөн.

Құрамы:
Қырыққабат – 1 кг
Сәбіз – 1 бас
Тұз – қалауыңызша
Шекер – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша
Лавр жапырағы – қалауыңызша
Аскөк (укроп) ұрығы – қалауыңызша

Қырыққабатты майдалап тураңыз, сәбізді ұзынша етіп тураңыз немесе сәбіз турағышпен өткізіңіз.
Үлкен ыдысқа салып бәрін араластырыңыз. Асханада 2 күн қалдырыңыз, жиналған газды шанышқымен шығарып тұрыңыз, бетіне шыққан көбікті алып тастаңыз. Дайын болған соң яғни 2 — 3 күн тұрған соң, банкаларға қатты толтырмай нығыздап салып, тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Дайындаған: Асыл

Ашытылған қырыққабат, қырыққабатты ашыту

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: