Қаттама нан

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Қаттама нан пеште (духовка) пісіру


Құрамы:
Ұн – 500 гр
Тұз – 1 шай қасық
Шекер – 1 — 2 шай қасық
Сұйық май — 1 шай қасық (қоспауға да болады)
Ашытқы (дрожжи)– 1 шай қасық
Жылы су – 250 — 300 мл
Сары май – 250 гр

Дайындау тәсілі:
● Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз. Қамырды жақсылап илеп болғаннан кейін 20 — 25 минутқа көтерілгенше жылы орап қойыңыз.
● Қамыр дайын болған соң, 2 — 3 бөлікке бөліңіз. Әр бөлікті жұқа етіп жайып, сары майды ерітіп жағыңыз.
● Қамырдың бетіне майды тегістеп жағып болып ораңыз, ұзынша қамырды және орап дөңгелек жасаңыз.
● Дөңгелек қамырды және жайып қалыңдығын тандыр нанның қалыңдығындай етіп қолмен жайыңыз.
● Дайын күлшенің бетін шанышқымен шоқып, сүт жағып ысып тұрған пеште қызарғанша пісіріңіз. (20 — 25 минут).
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра

Рецепт жүктеу, қаттама нан рецепті, тәтті нан

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: