Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы. (Абрикосовое варенье без варки ягод). | Qazbrand.info

Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы. (Абрикосовое варенье без варки ягод).
Өрік (абрикос) – 2 кг (сүйегінен ажыратылған өріктің мөлшері 2 кг болуы қажет).
Шекер – 1,5 кг
Су – 300 мл
Лимон қышқылы – 5 гр

Өріктен дайындалатын бұл тосап қайнатылмайды. Яғни, жеміс қайнатылмайды оған қосылатын шекер мен судан дайындалған сиропты бірнеше қайнатып жемістің үстіне құямыз.
● Өрікті жуып, сүйегінен ажыратып алып, үлкенірек кастрөлге салып қойыңыз.
● Банканы жуып тазалап стерилдеп қойыңыз, қақпақты жуып кептіріп қойыңыз.
● Шекерді кастрөлге немесе қазанға салып үстіне суды құйып отқа қойыңыз, қайнап шыққан соң лимон қышқылын қосып, 10-12 минуттай қайнатыңыз. Қайнаған сиропты өріктің үстіне құйыңыз, 10 минутқа қалдырыңыз. Қозғағышпен жаймен араластырыңыз.
● 10 минут өткен соң өрікке құйылған сиропты қайтадан қазанға құйып отқа қойыңыз, 10 минут қайнатып қайта құйыңыз да 20-30 минутқа қалдырыңыз.
● 20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып және отқа қойып 10 минут қайнатып қайтадан өрік үстіне құйып 20 минутқа қалдырыңыз.
● 20 минуттан соң сиропты құйып алып отқа қойып 10 минут қайнатасыз, сироптың бетіне шыққан көбікті алып тасаңыз, оған дейін өрікті әр банкаға бірдей етіп салып шығыңыз да, қайнап тұрған сиропты үстінен құйып жаба бересіз.
Ескерту: сиропты бірінші рет құйғанда ғана өрікті араластырасыз одан кейін қозғауға болмайды!
Сироп 4 рет қайнатылады.

Осы тәсілмен құлпынай тосабын дайындауға да болады.
Қайнатылмай дайындалатын құлпынай тосабы. (Клубничное варенье без варки ягод)

Құлпынай – 1 кг
Шекер – 1 кг
Су – 200 мл
Лимон қышқылы – 2 гр

Ең алдымен банкаларды содамен тазалап жуып, кептіріп стерилдеу керек, қақпақты да ыстық сумен жуып кептіріңіз.
● Шекерді кастрөлге салып үстіне суды құямыз, араластырып отқа қоямыз, қайнап шыққан соң лимон қышқылын саламыз, 15 минуттай қайнатамыз.
● Құлпынайды тазалап бөлек ыдысқа саламыз. Дайын болған сиропты құлпынайдың үстіне құямыз, 15-20 минутқа қалдырамыз.
● 20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып және отқа қойып 10 минуттай қайнатамыз. Қайнап тұрған сиропты құлпынайдың үстіне құямыз да 20 минутқа қалдырамыз.
● 20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып 5 минут қайнатамыз, оған дейін құлпынайды таза банкаларға бөліп саламыз да үстінен қайнап тұрған сиропты құйып жабамыз.
Ескерту құлпынай өрікке қарағанда жұмсақ жеміс болғандықтан сироп 3 рет қайнатылады.

Дайындаған: Жадыра

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар