Бауырсақ | Qazbrand.info

Бауырсақ
Ұн – 350 гр
Сүт – 200 мл
Ашытқы – 1 шай қасық
Шекер – 1 шай қасық
Тұз – 0, 5 шай қасық (жарты шай қасық)
Сұйық май – 2 – 3 ас қасық
Жасалу тәсілі:

Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз. 10 минуттан соң тұзды салыңыз, сұйық майды құйып араластырыңыз, ұнды салып жұмсақтау қамыр илеңіз. Қамыр қолға жабыспайтындай етіп жақсылап илеп болған соң, жылы орап қойыңыз. 30 – 40 минуттан соң бір рет қайыра илеп, 10 – 15 минутқа қалдырыңыз. Дайын болған қамырды алып қалыңдығын 1 см етіп жайыңыз да майдалап кесіңіз немесе ойғышпен дөңгелектеп ойыңыз, көпсу үшін 10 минутқа орамалмен бетін жауып қойыңыз. Оған дейін шұңғылдау ыдысқа сұйық майды құйып қыздырыңыз, бауырсақ бататындай болсын, сонда тегіс қызарып әдемі болып піседі.

Дайындаған: Жайна

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар