Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Құрамы:
Қияр — 3 кг.
Қызанақ — 1, 5 кг.
Пияз — 500 гр.
Болгар бұрышы — 500 гр.
Сарымсақ (чеснок) — 100 гр.(2 бас)
Шекер — 100 гр. (4 ас қасық)
Тұз — 60 гр.(2 ас қасық.)
Сірке қышқылы (уксус 9 % ) — 60 гр.
Қара бұрыш (горошек) — қалауыңызша
Майда қара бұрыш (чёрный молотый перец) — 1 шай қасық
Сұйық май — 250 гр.
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек. Пиязды майдалап тураңыз. Қиярды дөңгелектеп аса қатты жұқа қылмай тураңыз.
Кастрөлге немесе қазанға майды құйыңыз.
Әлгінде езіліп, туралған көкөністердің бәрін құйыңыз да (қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақ, пияз) отқа қойыңыз 5 минут сайын қозғап тұрыңыз әйтпесе түбі күйіп кетеді.
Қайнап шыққан соң, отты бәсеңдетіп 10 минут қайнатыңыз. 10 минуттан соң қиярды әлгі қайнап жатқан томаттың үстіне саламыз. Жақсылап араластырамыз да 10 минуттай қайнатамыз сонан соң дәмдеуіштерді саламыз (тұз, шекер, сірке қышқылы, қара бұрыш т. б). Дәмдеуіштерді салғаннан кейін және 5 минуттай қайнатамыз. Салатты банкілерге тездетіп салып, жаба береміз.
Банкіні жуып тазалап стерилдеу керек, қақпақты да ыстық суға жуып кептіріп алдын ала дайындап қойыңыз.
Дайындаған: Жайна
Қияр салаты, қияр салаты рецепті