Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы) | Qazbrand.info

Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы)
Құрамы:
Фарш – 500 гр
Күріш – 100 гр
Жұмыртқа – 1 бас
Пияз – 2 бас
Сәбіз – 2 бас
Қырыққабат (капуста) – 200 гр
Томат пастасы – 2 ас қасық
Майда қара бұрыш – 1 шай қасық
Сұйық май – жарты ожау (қуыру үшін)
Паприка, сарымсақ – қалауыңызша
Тұз – 2 шай қасық
Су – 700 – 800 гр
Көкшөп – дәміне қарай

Тұздық (подлив):
Табаға май құйып пияз бен сәбізді 2 минуттай қуырыңыз. Мұның жартысын фаршқа қосыңыз. Табадағы қалған сәбіз бен пияздың үстіне томат пастасын қосып тағы да 2 минут қуырып үстіне суды құйыңыз (лавр жапырағы, паприка, қара бұрыш қосуға болады) 2 минуттай қайнатыңыз, подлив дайын.
Фарш дөңгелекшелері:
Күрішті жуып, қайнап тұрған ыстық су құйып 5-7 минутқа қалдырыңыз. Фаршты үлкендеу ыдысқа салыңыз, жұмыртқа, тұз, қара бұрыш, күріш, қуырылған сәбіз бен пияздың жартысын салыңыз, қырыққабатты майдалап турап салыңыз да араластырыңыз. (қаласаңыз көкпияз, аскөк турап қосуға болады). Фаршты жақсылап араластырыңыз да майда дөңгелектер жасаңыз. Қазанның ішіне алдын дайындалған тұздықтан 1 ожау құйыңыз да фарштан жасаған дөңгелектерді қатар салып шығыңыз, үстінен тұздықтан 1 ожау құйып екінші қатар салып шығыңыз. Осылай бәрін түгел салып шығыңыз, соңынан тұздықтың қалғанын түгел құйыңыз. Отқа қойып 30 – 35 минуттай қайнатыңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар