Қыстық салат

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Көк қызанақтан (помидор) жасалған дәмді салат қыс мезгіліне дайындық.
Көп помидордан қыстық салат
Құрамы:
Көк қызанақ – 2 кг
Тәтті қызыл болгар бұрышы – 3 — 4 бас
Пияз – 2 — 3 бас
Ақжелкен (петрушка) – 1 бума
Ащы бұрыш (горький перец) – 1 — 2 бас
Сарымсақ – 5 түйір
Тұз – 2 ас қасық (толтырмай)
Шекер – 3 ас қасық
Сұйық май – 200 мл
Салатқа арналған құрғақ дәмдеуіш – 2 шай қасық
Сірке қышқылы (уксус) – 5 % — 150 мл

Жасалуы:
1) Банкіні содамен ысқылап жуып тазалап қою, қақпақты да ыстық сумен жуып кептіріп қою.
2) Көкөністерді жуып тазалап алу.
3) Көк помидорды жеуге ыңғайлы етіп турау, қалыңдығын 2 мм. Тұз сеуіп жақсылап араластырып қою.
4) Қалған көкөністердің бәрін турау. (пияз, болгар бұрышы, сарымсақ петрушка, (ақжелкен) ащы бұрыш).
5) Көкөністердің бәрін турап дайындап болған соң, үлкен ыдысқа туралған қызанақты салу түбінде қалған суын құймай — ақ қойған дұрыс.
6) Туралған басқа көкөністерді түгел салу (пияз, болгар бұрышы, сарымсақ петрушка, (ақжелкен) ащы бұрыш). Шекер, сұйық май, дәмдеуіш, сірке қышқылын құйып жақсылап араластыру қажет. (тұзды қызанаққа алдын салдық сондықтан қайта салу қажет емес).
7) Жақсылап араластырған соң, таза банкаларға салу қақпағын жабу (банканы стерилдеу қажет емес өйткені, салат банканың сыртынан қайнатылады).
8) Кастрөлге қалыңдау етіп орамал төсеп банкаларды салыңыз, су құйыңыз, (ескерту: су қайнаған кезде банканың ішіне төгілмейтіндей болсын). Отқа қойып 30 минуттай қайнатыңыз. Дайын болған соң, банканы бұрап жауып төңкеріп қойыңыз, бетіне жылы орамал жауып қойыңыз.
Дайындаған: Жайна

Көк қызанақтан қыстық салат, қыстық салат рецепт

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: