Көк помидор тұздау. Соление зеленых помидоров в банках на зиму | Qazbrand.info

Көк помидор тұздау
Көк помидор – 2, 5 кг
Сарымсақ – 3 бас
Ақжелкен (петрушка), Аскөк (укроп) – 300гр
Тұз – 2 қасық
Шекер – 4 қасық
Қара бұрыш (түйіршік) – қалауыңызша
Сірке қышқылы (уксус) – 2 шай қасық

Жасалуы:
Алдымен банканы содамен ысқылап тазалап жуып алыңыз, қақпағын да ыстық сумен жуып қойыңыз.
Көкөністердің бәрін тазалап жуып алыңыз.
Помидорды 4 бөлікке бөліп түгел турап алыңыз.
Банканы стерилдеу керек. Банкаға 3 – 4 түйір қара бұрыш салыңыз помидор салыңыз, сарымсақты салыңыз үстіне ақжелкен мен аскөкті салыңыз, қайтадан помидор, сарымсақ салыңыз үстіне ақжелкен мен аскөкті салып ең бетіне помидорды салыңыз. Қайнап тұрған ыстық суды құйып 10 минутқа қалдырыңыз. 10 минуттан өткен соң суды төгіп тастаңыз. Тұз, шекер салып қайнап тұрған суды құйыңыз, сірке қышқылын құйыңыз. Банканың қақпағын бұрап жауып төңкеріп қойыңыз, жылы орамал жауып қойыңыз. Суыған соң банканы салқын жерге шығарып қойыңыз.
Дайындаған: Жайна
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

© Дереккөзі

Рейтинг
( 1 , average 1 from 5 )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар