Тауық қанатынан (Куриные крылышки) дайындалған ащы салат.
Құрамы:
Тауық еті – кг
Пияз – 2 бас (орташа)
Тәтті болгар бұрышы – 2 — 3 бас (түрлі — түсті болғаны дұрыс)
Қызанақ чили – 200 гр
Сарымсақ – 3 — 4 түйір
Аскөк (укроп)– 5 — 6 тал
Ақжелкен (петрушка) 5 — 6 тал
Соя майы – (қалауыңызша)
Тұз – (қалауыңызша)
Аджика – (қалауыңызша)
Паприка – (қалауыңызша)
Сұйық май (тауық қанатын, пияз бен болгар бұрышын қуыру үшін)
Жасалуы:
Тауық қанатын 15 — 20 минуттай қайнатып пісіріп алу (езіліп кетпей пісуін қадағалау). Суыған соң майға қуырып алу. Пияз, тәтті бұрышты ірі етіп турау, 2 — 3 минут қуырып алу керек. Барлығын: үлкен ыдыста араластыру.
Дайындаған: Жадыра
тауық қанатынан ащы салат, салат рецепт, тауық қанаты