Балық қуыру | Qazbrand.info

Балық қуыру
Балық – 1 кг
Сүт – жарты пияла
Ұн – 2 ас қасық
Жұмыртқа – 1 дана
Тұз – (қалауыңызша)
Сұйық май – 0,5 л (балықты қуыру үшін)

Балықты тазалап, жуып алыңыз, кішірек бөліктерге бөліңіз де тұз сеуіп 5 минутқа қалдырыңыз.
Сүт, ұн, жұмыртқа, тұзды араластырып қоймалжың жасап алыңыз.
Балыққа қоймалжыңды құйып, 5 – 10 минутқа қалдырыңыз.
Соңынан табаға май құйып қуырыңыз, отты жай қойып қуырған дұрыс, әйтпесе сырты тез қызарады да іші піспей қалуы мүмкін.
Дайындаған: Жадыра

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар