Тосап (варенье) | Qazbrand.info

Жаз мезгілі келді. Көкөніс пен жемістердің пісіп жатқан кезі. Осы кезде қыз-келіншектер жалқауланбай қыстың қамына кірісуі қажет. Яғни, банка жабуға кірісу керек. Тосап, компот, томат, тұзды қияр, тұзды қырыққабат, әр түрлі салат т.б. айта берсең көп. Ол үшін әрине, ақша жұмсау қажет – банка, қақпақ, көкөністер, қоспалар.
Егер өзің банка жаппасаң, қыстың күні оны екі-үш есе қымбатқа сатып аласың. Оның үстіне өзің қолдан дайындаған ас әрдайым дәмді. Жазда аздап еңбектенсең қыста рақатын өзің көресің. Сонымен іске сәт!
Ең алдымен қазір жидектердің пісіп жатқан кезі сондықтан тосаптың рецептімен бөлісуді жөн көрдім.

Тосап (варенье)
Кез келген жемістің дәрумені өзінде сақталып қалсың десеңіз 5 минут қайнатсаңыз жеткілікті. Осы тәсілмен құлпынай, таңқурай, шие жидектерінен тосап дайындауға болады.

Қажеті өнімдер: 

Жидек – 1 кг
Шекер – 1 кг
Лимон шырыны – 4 ас қасық (шиеге қосу қажеті жоқ)

Дайындау тәсілі:

●Жемістердің жуып тазартып алғаннан кейін үлкенірек ыдысқа салып үстіне шекерді салып, 8-10 сағатқа салқын жерге қалдырыңыз.
●10 сағаттан соң жеміс салынған ыдысты отқа қойыңыз, қозғап тұрыңыз.
● Қайнап шыққан соң лимон шырынын қосып және 5 минут қайнатыңыз. Бетіне шыққан көбікті алып тастаңыз.
● Тосап дайын. Стерилденген банкаға құйып жаба беруге болады.
● Қақпағын дұрыс жабылуын қадағалаңыз, бәрі дұрыс болса, төңкеріп қойыңыз сыртын жылы орамалмен орап қойыңыз.

Құлпынай – 1 кг
Шекер – 1 кг

Құлпынайды жуып тазалап алып, үстіне шекерді салыңыз. Қолмен мыжыңыз немесе езгіш құрал пайдалануға болады. Шекер ерігенше 6 – 8 сағатқа қалдырыңыз.
Ыдысқа құяр кезде жақсылап араластырыңыз. Пластик ыдысқа құйып морозильникке салыңыз. Мұндай тәсілмен дайындалған тосап өте пайдалы. Қайнатып отыру қажет емес, уақыт та үнемдейсіз. Тоңазтқыштың морозильнигінде орын жеткілікті болса болғаны.
Осы тәсілмен таңқурайдан (малина) тосап әзірлеуге болады.

Ескерту: Банканы, қақпағын тазалап жуып, кептіріңіз, стерилдеңіз.
Дайындаған: Жайна

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар