Чак – чак | Qazbrand.info

Чак – чак

Құрамы
Ұн – 200 гр
Жұмыртқа – 2 бас
Тұз – шай қасық ұшымен
Сода – шай қасық ұшымен

Сироп дайындау үшін:
Бал – 250 г
Шекер – 100г

Сұйық май – 1 л (қуыру үшін)

Қалауыңызша – кепкен жемістер, жаңғақтар салуға болады.
Жұмыртқаны жарып араластырып алыңыз, тұз, сода, ұн салып қамыр илеңіз. Қамыр қаттылығы орташа болу керек, қолға жабыспайтындай. 10 минуттай мұздатқышқа салып қойыңыз, сонда жаюға оңай болады және тегіс жайылады. Қамыр қалыңдығы шамамен 0, 5 мм болуы керек. Тым жұқа жаюға болмайды, қалың болса да болмай қалады.
Жайылған қамырды төртбұрыш етіп немесе кеспе ұқсатып кесіп алыңыз. Қамырды кесерде аздап ұн себіңіз кеспелер бір – біріне жабысып қалмауын қадағалаңыз.
Табаға 1 немесе 0, 5 л май құйып қыздырыңыз. Кеспені аз-аздан салып сарғыш етіп қуырып алыңыз. (кеспені қуырар алдын елекпен артық ұнды елеп алған дұрыс).
Сироп дайындау үшін: бал және шекер керек. Кастрөлге балды құйып үстіне шекерді салыңыз, жай отта ерітіп алыңыз. Қайнап шыққан соң, оттан түсіріп қуырылған кеспенің үстіне құйыңыз. Жақсылап араластырыңыз, езіп жібермеңіз.
Жайпақ ыдысқа салыңыз, (қолға жабыспас үшін қолыңызды сулап тегістеп шығыңыз). Тоңазытқышқа салып қойыңыз.
Чак – чак дайын енді кішірек – кішірек етіп кесіп тарелкеге салып ұсына беруге болады.
Шайыңыз тәтті болсын!

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар