Тауық етін дәмді етіп пісіру | Qazbrand.info

Тауық етін дәмді етіп пісіру
Құрамы:

Тауық еті – 1кг
Майонез – 2 – ас қасық
Кетчуп – 1 ас қасық
Сарымсақ – 3 – 4 түйір
Тұз – (қалауыңызша)
Дәмдеуіштер – (қалауыңызша)
Сұйық май – 0,5 л
1. Тауық етін маринадтау (30 минутқа қалдыру)
2. Манты қазанға 30 – 35 минут пісіріп алу.
3. Соңынан майға қуыру. (5 – 7)

Жасалуы:
Ең алдымен тауық етін жуып, кептіріп алған соң маринадтау қажет. Маринад дайындау үшін: майонез, кетчуп, сарымсақ, тұз, дәмдеуіштерді араластырып қоймалжың дайындаймыз. Дайындалған қоймалжыңды тауың етіне салып араластырамыз да 30 – 40 минутқа қалдырамыз. 40 минуттан соң манты қазанға салып 30 минутқа отқа қоямыз. Яғни, буға пісіреміз.
Май шашырамайтындай биік ыдысқа май құйып қыздырамыз, тауық етін салып қуырамыз. Дәмді әрі жұмсақ болып піседі.
Бұл рецепті бойынша дайындау көп қонақ күтетін кезде өте тиімді.
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра

Тауық етін дәмді етіп пісіру суретімен қарау

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар