Макаронды дәмді етіп пісіру | Qazbrand.info

Макаронды дәмді етіп пісіру
Сәбіз – 1 бас
Пияз – 1 бас
Болгар бұрышы – 1 – 2 бас (қызыл, көк)
Қызанақ – 1 бас
Сұйық май – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
Макарон – 200 – 250 гр
Етсіз тамақтың дәмі болмайды деп отырамыз, алайда ет болмай қалған сәтте де макаронды дәмді етіп пісіруге болады.
Көкөністердің бәрін тазалап алыңыз да ұзынша етіп тураңыз. Сәбізді үккіштен (терка для корейской моркови) өткізсе әдемі болады. Табаға қалауыңызша сұйық майды құйып көкөністердің барлығы салып 2 – 3 минуттай қуырыңыз. Макаронды салып 1 минуттай жақсылап араластырыңыз. Суды құйып қайнаған соң тұз салып отты жай қойып 15 – 20 минуттай пісіріңіз.
Ескерту: Егер макаронның сорты ұзақ пісетін түрінен болса, макаронның өзін тұз қосылған суда қайнатып пісіріп алып, судан сүзіп алып қою қажет. Суы құрғаған соң қуырылған көкөністердің үстіне салып 5 – 10 минуттай жай отта бұқтырып алуға болады. (Макаронды аса көп салуға болмайды, өлшемі көкөністердің өлшемімен бірдей болғаны жөн).
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар