Абай……Айнан | Qazbrand.info

Абай……Айнан
АБАЙ – қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деген түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
АББАС – араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері – Ғаббас, Қаппас, Қапбас.
АБЗАЛ – араб тілінен алынған – ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.
АБЫЗ – араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.
АБЫЛАЙ – араб тілінен алынған есім – абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.
АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.
АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
АҒЗАМ – араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.
АҒЫН – қазақ есімі – ағыны қатты, лек, екпін.
АДАЙ – көне түркі тілінен алынған – балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
АДАМ – көне еврей тілінен – қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.
АДЫРБАЙ – қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.
АЖАРБЕК – қазақ есімі – ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
АЗАМАТ – араб тілінен алынған – ұлылық, даңқ, нағыз ер жігіт, саналы адам.
АЗАТ – иран тілінен алынған – ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер – Азатбай, Азатбек.
АЙӘДІЛ – қазақ тілінен – ай + араб тілінен – әділ. Әділ, адал, шыншыл.
АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
АЙБАТ – қазақ есімі – айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
АЙБЕК – қазақ есімі – ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙБОЛ – қазақ есімі – ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
АЙБОЛАТ – қазақ есімі – ай + болат – болады — менің айым болады.
АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық.
АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған – ай + араб тілінен – ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
АЙДАН – қазақ тілінен алынған – ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
АЙДАР – қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай – ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — Ғали – Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді. Түрі — Айдаралы.
АЙДАРХАН – қазақ сөзі – айдар, араб сөзі – хайдар + қазақ сөзі – хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
АЙДОС – қазақ есімі – Айдын досы.
АЙДЫН – қазақ есімі — айбат, айбын, каһар, күш – қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім – Айдынғали.
АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
АЙЖАРЫҚ – ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
АЙЖАС – ай және жас, қазақ сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
АЙЗАТ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.
АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы әйгілі, белгілі, нақты.
АЙМАҒАМБЕТ – қазақ сөзі – ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
АЙМАҚ – қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
АЙМҰРАТ – қазақ сөзі – ай + араб сөзі морад – мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
АЙНАН – араб тілінен алынған гайнан — шын, дұрыс, тура.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар